Жарияланды: 370

Сенат Бюджеттік Кодекстің жобасына өзгерістер мен түзетулер енгізіп мәжіліске қайтарды

Бүгін, 13-ақпанда Астанада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Бюджеттік Кодекске енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді екінші оқылымда қарап, жобаны мәжіліске қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың жалпы отырыс аяқталғаннан кейін журналистерге берген түсініктемесіне жүгінсек, заң жобасының бірқатар баптары төңірегінде тұжырымдамалық дау-дамай туындаған. Оның айтуынша, "корпоративтік кіріс салығының кіріс көздерін тарату мәселесі бойынша қызу пікірталас өрбіткен сенаторлар ақыр соңында салықтың бұл түрін толық көлемде республикалық бюджетте қалдыру туралы ұйғарымға келді". Сондай-ақ, сенат отырысында "қымбат медициналық құрал-жабдықтар, вакциналар мен инсулин сатып алуға қаржы жұмсау саясаты" төңірегінде үлкен пікірталас өрбіді. Қ.Келімбетовтың айтуынша, осы бағыттағы саясат жобасын жасау құқығын денсаулық сақтау министрлігінің құзырында қалдыру, ал басқа барлық шаруашылық функцияларын жергілікті жерге беру туралы шешім қабылданды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің пікірінше, сенат пен мәжіліс өзара мәмілеге келе алмай отырған кейбір мәселелер бойынша келісім комиссиясы құрылуы мүмкін. Министрдің пікірінше, комиссия "қымбат медициналық құрал-жабдықтар, вакциналар мен инсулин сатып алу құқығын қандай деңгейге беру" мәселесін де қарайтын болады. Сондай-ақ, Қ.Келімбетовтың пікірінше, "тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қаржы бөлу" мәселесі де келісім комиссиясының қарауына ұсынылуы мүмкін. Министрдің пайымдауынша, тұрғын үй реформасы жөніндегі тұжырымдама жобасы жасалғанға дейін "бұл мәселе туралы тақауырлаудың қажеті жоқ". Ал қазір тұжырымдама жобасын үкімет жасап жатқаны белгілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін