Сенат депутаттығына кандидат болып 38 адам тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығына кандидат болып 38 адам тіркелді

Сенат депутаттығына кандидат болып 38 адам тіркелді

Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелгендердің түпкілікті тізімі айқындалды.

  • 26 Маусым 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР ОСК Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мақсатхан Анапин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 00:00-де сайлау науқанының үшінші кезеңі, яғни сайлау алдындағы үгіт жұмыстары аяқталады. Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелгендердің түпкілікті тізімі айқындалды. Облыстық, Астана мен Алматы қалалары сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 38 үміткер тіркелді»,-деді М. Анапин 28 маусымға тағайындалған Сенат депутаттарын сайлау науқанының барысы мен дауыс беру күніне дайындық жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

«Бұл Парламенттің жоғары палатасына өте маңызды сайлау болып табылады. Сенаттың 16 депутаты сайланады. Атап айтқанда,38 кандидаттың ішінен 16-сы қалады»,-деп атап өтті ол.


Белгілі болғандай, жергілікті БАҚ-та таңдаушылардың тізімдері жарияланды. Олардың мәліметтеріне қарағанда, бос округтердің пайда болуына байланысты елімізде 28 маусымда сайлауға қатысатын таңдаушылардың саны — 3293.

«Дауыс беру мен өткізетін орын және уақыты айқындалды. Осы ретте дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ге белгіленді. Бұл пунктер дауыс беруге бір сағат қалғанда ашылады», — деді Мақсатхан Анапин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат сайлауын 288 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады.

Соңғы жаңалықтар