Жарияланды: 480

Сенат Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімді бекітті

Бүгін, 19-ақпанда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы "Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымын құру туралы келісімді бір дауыстан бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

2002 жылғы ақпанның 28-інде Орта-Азиялық экономикалық қоғамдастығы ұйымына мүше-елдердің мемлекет басшыларының Алматы саммитінде қол қойылған келісім Ұйымның міндеті мен мақсаттарын, "Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымының органдарын, ұйым шеңберінде шешім қабылдау және оны жүзеге асыру тәртіптерін анықтайды. "Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымын құру туралы Келісімде "саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық,табиғат қорғау және мәдени-гуманитарлық қатынастар саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен аймақтағы тұрақтылықты нығайту, "Орта-Азиялық ынтымақтастық" ұйымына мүше елдердің аумақтық біртұтастығына, тәуелсіздігі мен егемендігіне төнген қауіп-қатердің алдын алу мәселесі бойынша өзара қолдау көрсету де назардан тыс қалмады,- деді палатаның жалпы отырысында ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Қайрат Әбусейітов. Келісім аймақтық және трансұлттық қылмыстармен, соның ішінде заңсыз есірткі айналымымен, заңсыз көші-қон және лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықты да үйлестіреді. Ратификация туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін