Сенат палатаның салалық комитеттерінің төрағаларын қайта сайлады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат палатаның салалық комитеттерінің төрағаларын қайта сайлады

Сенат палатаның салалық комитеттерінің төрағаларын қайта сайлады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар палатаның салалық комитеттерінің төрағаларын қайта сайлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, сенаттың заңнама және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Ермек Жұмабаев, сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы болып Мүсірәлі Өтебаев, сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы болып Қуаныш Сұлтанов, экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі комитетінің төрайымы болып Нұрлығайым Жолдасбаева, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы болып Ахан Бижанов, сенаттың ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы болып Қайрат Есжанов сайланды.

Сенаторлар барлық кандидатураларды қолдап дауыс берді.