Сенат қаржылық лизинг мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат қаржылық лизинг мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат қаржылық лизинг мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 22-қаңтарда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР қаржылық лизинг мәселелері жөніндегі кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бұл заң жобасы бойынша атап айтсақ, ҚР Азаматтық Кодексіне енгізілген толықтыруға сәйкес лизинг жөніндегі келісім-шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін заңдық актілермен айқындауға мүмкіндік жасалады. ҚР азаматтық процессуалдық Кодексіне енгізілетін толықтырулар лизинг алушы алаяқтыққа барған жағдайда лизинг беруші үшін лизингіге берілген бұйымды ешбір дау-дамайсыз талап ету құқығын заңдастырады. Сондай-ақ, лизинг алушы банкроттыққа ұшыраған, тұтқындалған немесе оның мүлкі тәркіленген жағдайда кәсіпорынды жою немесе оны сауықтыру шаралары барысында лизинг берушінің өз мүлкін кері қайтарып алуын қамтамасыз ететін өзгертулер енгізіледі.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін жұмыс тобына берілді.

Соңғы жаңалықтар