Жарияланды: 420

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Өзгерістер бір жинақтаушы зейнетақы қорының аясында әрқилы инвестициялық портфельдерді, атап айтқанда, байыпты, консервативтік және агрессиялық инвестициялық портфельдерді қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады. Аталған портфельдердің активтері әртүрлі инвестициялық стратегия бойынша инвестицияланады және тиісінше, қаржылық құралдардың құрылымы, табыс көлемі және тәуекел деңгейі бойынша ерекшеленеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть