Жарияланды: 630

Сенат ҚР үкіметі мен Италия, Греция және Швейцария арасындағы автокөлік тасымалы туралы келісімді бекітті

Бүгін, 6-қарашада Астанада өткен сенаттың жалпы отырысында парламент депутаттары Қазақстан үкіметі мен Италия, Греция және Швейцария Федералдық кеңесінің үкіметтері арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы туралы Келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасынан.

Қабылданған келісімдер халықаралық көлік қатынасы саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталумен бірге жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдау және үшінші елдер арқылы транзитті жүзеге асыру тәртіптерін айқындайды. Парламент сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің заң жобаларына берген түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, келісімдерді жүзеге асыруда халықаралық автокөлік байланысы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған құқықтық базаны құру көзделді. Заңдар Елбасының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін