Сенат ҚР Жоғарғы сотының қадағалау жөніндегі алқасының жаңа төрағасын сайлады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат ҚР Жоғарғы сотының қадағалау  жөніндегі алқасының жаңа төрағасын сайлады

Сенат ҚР Жоғарғы сотының қадағалау жөніндегі алқасының жаңа төрағасын сайлады

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар ҚР Жоғарғы сотының қадағалау жөніндегі алқасының жаңа төрағасы мен жоғарғы соттың екі судьясын сайлады, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Наурыз 2007
  • 482
Фото - Caravan.kz

«ҚР Конституциясының 55-бабының 1-тармақшысы, 82-бабының 1-тармағына, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңның 31-бабының 1 және 4-тармағына сәйкес, Жоғарғы сот кеңесінің таныстыруының негізінде Смолин Анатолий Сергеевичті ҚР Жоғарғы сотының қадағалау жөніндегі алқасының төрағасы лауазымына, ал Әбдіқадыров Елес Нұрқасымұлы мен Мақашев Зейнолла Мұхамединовты Жоғарғы соттың судьясының бос орындарына сайлауға ұсынамын»,- делінген президенттің таныстыруында.

Сенат президент ұсынған кандидатураларды бір дауыстан бекітті. Жалпы отырыс барысында жаңадан сайланған судьялар ант берді.

Ата заңға сәйкес, ҚР Жоғарғы соты алқасының төрағасы мен судьяларды президенттің таныстыруы бойынша сенат сайлайды. Елбасы республиканың жоғарғы сот кеңесінің нұсқауына сүйенеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті