Жарияланды: 570

Сенат төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның күзгі отырысының шаралары аясында Грузиядағы жанжал тақырыбын талқылауға арналған негізгі тыңдауларға қатысып сөз сөйледі

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенат төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның күзгі отырысының шаралары аясында Грузиядағы жанжал тақырыбын талқылауға арналған негізгі тыңдауларға қатысып сөз сөйледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның күзгі отырысының шараларына Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы, Ұйым Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация қатысуда. Онда "ЕҚЫҰ ашық әлемде: сауда, қауіпсіздік және көші-қон" тақырыбы бойынша жиын мен Кавказдағы жағдай жөнінде пікірталас болды. "Таяудағы Грузиядағы жанжал" тақырыбын талқылауға арналған негізгі тыңдауларға қазақстандық парламенттік делегацияның басшысы қатысып, сөз сөйледі. "Біз Қазақстандық парламентшілер Еуропа Одағы мен Ресей Федерациясы арасындағы соңғы келісімді, оның ішінде Грузияға 200 байқаушыны жіберу туралы шешімді батыл қабыл аламыз және осы келісімдерді алдын-ала ешқандай шарттарсыз толық орындауға барлық мүдделі жақтарды шақырамыз",- деді Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол сондай-ақ парламентшілер "мүмкін, тіпті кәсіби дипломаттарға ұстамдылықтың жақсы өнегесін көрсетуі және аймақта жұмыс істейтін халықаралық миссияларға қолдау білдіруі тиіс" екенін атап өтті. Сенат төрағасының айтуынша, президент Н.Назарбаев Грузияда әскери қимылдар басталғаны жөнінде ақпарат алған шетел мемлекет басшыларының алғашқысы болды. Оның кесімі айқын да нақты: қай тарап болса да соғысқа мұқтаж емес, оны тоқтату және бар қаржыны дағдарысты саяси түрде шешуге арналуы қажет. Ізгілік қадамы ретінде президент Н.Назарбаев Қазақстан осы жанжалды реттеу жөніндегі күрделі іске араағайын болуды да ұсынды. Қ.Тоқаев Қазақстан әрқашан мемлекеттің аумақтық тұтастығы туралы ұстанымдарды халықтардың өз тағдырын өзі шешу құқынан жоғары қоятынын атап өтті. Және бұл саясат жалғасатыны айтылды. "Алайда, соңғы кездегі оқиғалар көрсетіп отырғандай, аумақтық тұтастықты қорғау мен қамтамасыз етудің негізгі қағидалары мемлекетке халықаралық аренадағы мінез бен іс-қимылға аса жауапкершілікпен қарауды, адам құқының негізгі ұстанымдарын қатаң сақтауды қажет етеді",- деді қазақстандық делегацияның басшысы. Оның айтуынша, күш қолданбау БҰҰ Жарғысының ережесі ғана емес, барлық мемлекеттердің міндеті де. Әлемдік саясатта халықаралық мәселелерді күш қолданып шешу әдістерін ұстанатын басшыларға орын болмауы тиіс. Халықаралық қоғамдастық назар аударатын маңызды мәселелердің қатарында Қ.Тоқаев ұлтаралық өзара қарым-қатынастар мен босқындар мәселелері екенін атап өтті. Оған қоса ол "Қазақстан әрқашан ұлтаралық мәселелерді басымдық берілген міндеттер ретінде қарастырады", деп атап өтті. ЕҚЫҰ-ның Кавказдағы жағдайды реттеудегі миссиясына белсенді түрде қатысуға біздің еліміздің әзірлігін атап өте келіп Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы "Біз Грузияға және осетин халқына гуманитарлық көмек көрсетіп отырмыз, жанжал аймағында халықаралық байқаушылардың, оның ішінде БҰҰ өкілдерінің көбеюін жақтаймыз" деді. Келешекте ЕҚЫҰ-на төрағалық ету тұрғысында Қ.Тоқаев "Қазақстан ұйымның болашағы, оның дағдарыстарды басқару қабілетін үшін жоғарғы жауапкершілікті сезінеді. Біз Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ұлан-ғайыр аумақта бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіне тұрақты әрі толерантты ел ретіндегі біздің тәжірибемізді қолданғымыз келеді" деп атап өтті. Қ.Тоқаевтың сөзі зор ықыласпен қабыл алынды және ЕҚЫҰ парламенттік қоғамдастығы тарапынан оң пікірге ие болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін