Жарияланды: 390

Сенат төрағасы Сирия елшісін қабылдады

Бүгін, 16-қазанда сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов Сирия Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Вахиб Фаделді қабылдады,- деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметінен.

Тараптар екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызын жоғары бағалады. Сондай-ақ, сенат төрағасы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа он екі жылдың жүзі болса да парламентаралық ынтымақтастықты дамыту қарқыны көңіл көншітпейтіндігіне тоқталды. Өз кезегінде В.Фадел ортақ тарихымыздың бір нышанындай Сирия елінде Әбу насыр Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс бабалардың зираттары бар екенін және оны өз халқы мақтан тұтатынын атап өтті. Елші осынау тарихи және рухани сабақтастық Сирия мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндік беретін жол екенін тілге тиек етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін