Сенат тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарап, оған түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарап, оған түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қарап, оған түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Наурыз 2008
  • 533
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Конституцияның 16-шы бабына сәйкестендіруге саяды.

Атап айтсақ, Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен «Прокуратура туралы» заңға түзетулер енгізіледі.

Қылмыстық-процессуалдық кодексте тұтқындауға санкция беру өкілеттілігін тікелей аудандық және қалалық сотқа беру заңдастырылады.

Кідірту шарасы ретінде тұтқындауды таңдау қажет болған жағдайда тергеу органы, тергеуші сотқа тұтқындауға санкция беру туралы өтініш жазады, ол іс материалдарымен бірге прокурорға жолданады.

Прокурор өз шешімімен бұл өтінішті қолдау немесе қолдамау жөнінде тиісті қаулы шығарады. Тұтқындау шарасын қолдануға прокурордың келісім бермеуіне тергеу органы немесе тергеуші қарсы шығып, жоғары саталы прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті