Сенатор Қазақстан делегациясының құрамында ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІІІ отырысына, сондай-ақ «Мары — түркі әлемінің 2015 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасының жабылуына қатысады. Алдағы шаралар жоспарында Түркіменстанның тұрақты бейтараптығының 20 жылдығына орай мәдениет және өнер шеберлерінің концерті және 2016 жылы түркі әлемінің астанасы болып жарияланатын қалаға ТҮРКСОЙ кубогын беру салтанаты бар.