Сенаторды министр мен әкімдердің күзеті шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторды министр мен әкімдердің күзеті шошытты

Сенаторды министр мен әкімдердің күзеті шошытты

Сенатор халықтан қашып кабинетінде тығылып отыратын шенеуніктерге шүйлікті. Ал жұртты айтпағанда, министр түгілі ауыл әкіміне, одан қалды жергілікті ауруханаларға депутаттардың өздері кіре алмай қор боп жүр екен. Өйткені кеңсесінің алдына күзет қойып, есігіне құлып салып маңайына ешкімді жуытпайтын болған.

  • 24 Қазан 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz


Сәрсенбай Еңсегенов, Сенат депутаты:

-Бұл министрлер кiмнен қорғалып жатыр сонда? Қандай қауiп төнiп тұр ол министрлерге? Ғимараттың өзi қорғауда тұр. Оған қанша шығын шығып жатыр мемлекет есебiнен. Бұл да реттелмеген нәрсе. Әрбiр полиция жетпеген жерде жеке құрылымдағы күзет мекемелерiн ұстауға мемлекет бюджетiнен қаржы кетiп жатыр.

Мәселен, бұл  Есілдің сол жағалауындағы Министрліктер үйі. Мұнда шағымын айтып келген қара халық кіре алмайды. Арызын жапсарлас тұрған ғимаратқа тастап кетеді. Өйткені рұқсат жоқ. Бір қызығы сенатордың шенеуніктерге өкпелейтін жөні жоқ секілді. Себебі жұрт Парламенттің өзіне де бас сұға алмайды. Шағымын кіреберіске тастап есік аузынан кері қайтуға мәжбүр. Еңсегеновтың бастамасын ғаламторда қызу талқылағандар, оған өзгеге ақыл айтпас бұрын алдымен  Парламенттегі жағдайды түзеп алуға кеңес берді.