«Жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалардың аясында Ауылшаруашылық министрлігінің жанындағы Су ресурстары жөніндегі комитетті дербес орган ретінде бөлу туралы мәселені қарастырған жөн»,- деді Е. Аман.
«Бұл жеке министрлік немесе Жер ресурстары жөніндегі агенттік сияқты агенттік болар еді»,- деп қосты депутат. Ол сондай-ақ, «Су ресурстары жөніндегі комитетті институт ретінде нығайту туралы идея бірнеше рет көтерілгендігін» еске сала кетті.
Депутаттың пайымдауынша, «қалалық сумен қамтамасыз етуге, су жүйесін құру және пайдалануға, жер асы суын барлау және қорғауға, су ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты шекаралық сипаттағы мәселелер өте көп». Сенатор сондай-ақ, «біздің елімізде дербес орган практикасы болды, ал біздің көптеген көршілерімізде қазіргі күнде де бар»,- деп атап көрсетті.
Сонымен қатар Е. Аман, «проблемаларды талдау Салық кодексіне, Бюджет, Су кодекстерін және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қажет екендігін көрсетіп отыр»,- деп атап өтті.
«Сенаттың аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті бұл іске бастамашы болуға дайын»,- деп қортындылады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті