Жарияланды: 540

Сенім шараларының Каталогы, ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау - стратегиялық маңызды мақсат - ҚР СІМ-нің орынбасары

Сенім шараларының Каталогына қатысты екі құжат , ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасау - Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің жалпы даму процессіндегі стратегиялық маңызды мақсат болмақ. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс

топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов атап көрсетті. "Процесс шеңберінде одан әрі алға жылжу үшін біз аталмыш мәселелердің барлығын сан алуан көзқарас тұрғысынан егжей-тегжейлі қарауымыз керек. Сол себепті көп нәрсе бізге байланысты",- деді Қ.Әбусеитов. Оның айтуынша дәл осы мақсатпен 2004-жылы кеңестің аға лауазым иелері комитетінің бас қосуы өткізілмекші. "Бұдан кейін біз 2004-жылдың 22-қазанында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңеске мүше барлық 16 мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынып отырмыз. Одан әрі біз 2006-жылы өткізуді жоспарлаған кеңеске мүше елдердің мемлекет басшыларының бас қосуына белсенді түрде дайындалатын боламыз",- деп хабарлады вице-министр. Қ.Әбусеитовтың пікірінше, қазіргі жағдайда "еріктілік және сатылылық принциптері арасында қалыптасқан тепе-теңдікті нығайта отырып сенім шаралары Каталогының көрсеткіштерін орындаудың міндеттілігін қамтамасыз ету тұрғысында біраз жұмыстар атқару қажет".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін