Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот кейінге шегерілді

Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот кейінге шегерілді

 

  • 10 Наурыз 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім 10 наурызда шығуы керек еді. Алайда бұрынғы полиция басшысына қатысты сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді.

"Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының ауруханаға жатқызылуына байланысты сот отырысы келесі аптаға шегерілді", — деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров. Күдебаевтың қандай диагнозбен ауруханаға түскені айтылмайды.

Серік Күдебаевқа "билікті немесе лауазымды асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша оған орташа қауіпсіздік колониясында тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар