Серік Тұржанов ұлттық санақ кезіндегі қылмыстық іс тұлғаларына қатысты үкімді қайта қарауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Тұржанов ұлттық санақ кезіндегі қылмыстық іс тұлғаларына қатысты үкімді қайта қарауды сұрады

Серік Тұржанов ұлттық санақ кезіндегі қылмыстық іс тұлғаларына қатысты үкімді қайта қарауды сұрады

 2010 жылы ұлтық санаққа бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен 9 жылға сотталған «КИІК»

  • 13 Қаңтар 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

фирмасы құрылтайшысы Серік Тұржанов іске қатысты үкімді қайта қарауды сұрады.

«Баянов, Меңдібаев пен Тұржановқа қатысты үкімді қайта қарап, Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2010 жылы 2-шілдеде шығарған үкімінің күшін жоюды өтінеміз», — деді дүйсенбі күні Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаеваның ісіне куәгер ретінде қатысқан ол.

С.Тұржановтың пікірінше, 2-шілдедегі үкім «бұлтартпас айғақтар мен шынайылық қағидасына қайшы келеді (…) және ол материалдарды қолдан жасау, іске қатысты жағдаяттарды бұрмалау арқылы шығарылған».

Оның айтуына қарағанда, қазіргі өтіп жатқан процесс аталған қылмыстық іске қатысты жаңа жайттардың басын ашып отыр. «Соттың қарауына енгізіліп жатқан құжаттар сол кезде болған оқиғалар мен жағдайлардың бетін ашып, маған тағылған айыптардың негізсіздігін көрсете бастады», — деді С.Тұржанов.

Анар Мешімбаеваның ісіне қатысты сот процесі 4-ақпанда басталған болатын.


Бюджет қаржысын жымқыру фактісі негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша Статистика агенттігінің экс-төрағасы А.Мешімбаева, оның орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаев және «КИІК» фирмасының құрылтайшысы С.Тұржанов айыпталған болатын. Кейінгі үшеуі 2010 жылы сотталса, А.Мешімбаева бірнеше жыл қылмыстық қудалау орындарынан жасырынып жүрген-ді.