Сеул қаласында кеше мұнайхимия бойынша Қазақстан мен Кореяның екіжақты жұмыс тобының бірінші кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сеул қаласында кеше мұнайхимия бойынша Қазақстан мен Кореяның  екіжақты жұмыс тобының бірінші кездесуі өтті

Сеул қаласында кеше мұнайхимия бойынша Қазақстан мен Кореяның екіжақты жұмыс тобының бірінші кездесуі өтті

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Сеул қаласында кеше мұнайхимия бойынша екіжақты жұмыс тобының бірінші кездесуі өтті. Бұл топ Корея Республикасының премьер-министрі Хан Мен Суктың 2006 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға ресми сапарының нәтижесі бойынша құрылған болатын. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 20 Маусым 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Қазақстан делегациясын ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов, ал Корея делегациясын Коммерция, индустрия және энергетика вице-министрі Ли Дже Хун басқарды. Тараптар Қазақстан аумағында біріккен өндірістер құруға байланысты маңызды сұрақтарды талқылады.

Қазақстандық делегация құрамында Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ және ғылыми-зерттеу құрылымдар өкілдері бар. Делегацияның Оңтүстік Кореяда болу барысында қызығушылық білдіретін компаниялардың басшылығымен кездесулері және «тамылжыған таң» елінің мұнайхимиядағы жетекші конгломераттарының өндірістік нысандарына баруы жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті