Шахмат академиясы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахмат академиясы ашылды

Шахмат академиясы ашылды

Бүгін Алматыда тұңғыш шахмат академиясы ашылды! Мұнда спорттың бұл түрімен қызыққан әрбір жан дайындығын пысықтап, тәжірибемен алмаса алады. Айта кетейік, бұрын-соңды болмаған орталыққа еліміздегі ең жас гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің есімі беріліп отыр. Ал оның қызыл лентасын кесуге Ресейдің әйгілі шахматшысы Анатолий Карпов арнайы шақыртылыпты.

  • 11 Қаңтар 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz

Әлем чемпионы шахматтағы ізбасары Жансаяны құттықтап қана қоймай, тартысты ойын ұсынды. Білек сыбана кіріскен қос шебер 3 сағаттан аса бақ сынасып, Карпов 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен, 13 жасар қыз үшін бұл үлкен жетістік екенін ерекше атап өтті. Және бүгінгі Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен ашылған академиядан әлі талай шахматшы шығатынына сенімді екенін жеткізді.


Жансая Әбдімәлік, Жас шахматшылар арасындағы әлем чемпионы:

-Әлемнің 12 дүркін чемпионымен  шахмат ойнау әрине өте қызықты. Маған ұнады. Бірақ шыны керек тең түсеміз деп күткен едім.