Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуге қарыс қадам қалғанда қалт кеткен Шахтерді енді Еуролиганың тартысы күтіп тұр. Қазақстан біріншілігінің екі дүркін чемпионы үшін мұның өзі үлкен дәреже. Өйткені олардың алған асуы қазақстандық еш клубтың түсіне де кірмеген. Қыркүйектің 19-да Грекияда болар кездесуге аттанар алдында Алсер компаниясы футболшыларға ноутбуктер мен планшеттер тарту етті.
Олжас Нөкенов «Alser Қазақстан» компаниясының қаржы директоры:
— Білесіздер ертең біздің команда Грецияға кетіп бара жатыр. Сондықтан біз жиналып бас қосып, жолдарың болсын деп, осындай бір ырым жасап жатырмыз.