"Шалдарымыз қартайғысы келмейді, кемпірлеріміз жасарғысы келеді" - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шалдарымыз қартайғысы келмейді, кемпірлеріміз жасарғысы келеді"

"Шалдарымыз қартайғысы келмейді, кемпірлеріміз жасарғысы келеді"

"Шалдарымыз қартайғысы келмейді, кемпірлеріміз жасарғысы келеді".

  • 27 Тамыз 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz

"Бізде тағы бір жаман қасиет бар. Шалдарымыз қартайғысы келмейді, кемпірлеріміз жасарғысы келеді. Қарттыққа асығу дейтін көркем мінезден айырылдық-ау, осы. Мәңгі жас болып, өмірдің мәнін – қыз-қырқын, қызыл-жасыл дүние деп түсінетін сияқтымыз. Бұл ниеттің бұзылуы!
Адам жаны ақшамен арбалып, мінезі ақшаның буымен құбылып кетті. Осы заман осылай кете берсе, жамандық пен жақсылықты, шындық пен әділетсіздікті айыра алмайтын хәлге жетеміз.
…Торқалы той, топырақты өлімде ғана қазақтың ұйымшылдық, береке-бірлігі көрінеді. Бірақ қазақтың бауырмалдық қасиетіне үлкен нұқсан келіп жатыр. Мұзды мұхиттың мұзы сияқты шетінен еріп, құлап жатыр. Ол ащы суға барып қосылады. Ащы су көп, тұщы су аз. Теңізде жүріп су таба алмай, шөлден өлетін теңізші сияқты хәлдеміз.
Құдайы тамағы, ас-тойының дастарханы өзгерген жоқ. Бірақ тыраштану шегіне жетті. Мәселен, тойдың дастарханы мен өлімнің дастарханы бірдей болатын болды. Өлім болып жатқан үйдің дастарханы қайысып тұрады. Қарызданса да, ұятқа қалмауға тырысатын тыраштану бұл. Осының бәрі – мәдениеттің төмендігінен. Обал-сауапты білмеуден шығып отыр. Ысырапшылдық басым."
(Жұмабай Шаштайұлымен әңгімелескен Жарас Кемелжан)

Мұхаммеджан Тазабектің 
парақшасынан
.

Соңғы жаңалықтар