Шалқарда оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шалқарда оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

Шалқарда оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

17 жастағы күдікті сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды

  • 2 Қазан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысын өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

2019 жылы 26 қаңтарда Шалқар ауылында екі мектеп оқушыларының арасында төбелес шыққан. Осы оқиға кезінде 2003 жылғы оқушының кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған, бір күннен соң ол ауруханада қаза тапты. 

17 жастағы күдікті сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орта мекемеде өтейтін болады.


Сондай-ақ, сот айыпталушыны қаза тапқан оқушының туыстарына 4,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар