«Қорытынды кезеңде, 17-тамызда, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларына террорлық құрылымдарды табу, бейтараптандыруға, олардың арандатушылық және торуылдау әрекеттеріне қарсы тұруға қатысты біріккен арнайы іс-шараларды жүргізу барысы көрсетілді»,- деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығуға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекеттердің 6,5 мың әскери қызметкерлері қатысып, 92 ұшақ пен тік ұшақ және мыңнан астам әскери техника мен қару-жарақ жұмылдырылған. Қазақстан Республикасынан Қарулы күштерінің десанттық-шабуылшы ротасы, олардың ішінде 32 генерал мен офицер жаттығу басшыларының құрамында қатысты. Әскерилер маневр жасау барысында антитеррорлық әрекеттердің 46 түрлі эпизодтары көрсетілді. Оқу-жаттығуы Челябинскі облысында 9 — 17 тамыз аралығында Чебаркуль заманауи жалпы әскери полигонында өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті