Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапары барысында концессионер-компания — «Досжан темір жолы» ЖШС басшысымен кездескен. «Екі жақтың пайымдауынша, жұмыс екпіні құрылыс мерзімінің айтарлықтай қысқаратындығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2007 жылдың желтоқсанына дейін тек құрылыс-монтаж жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын да аяқтау жоспарлануда. Яғни, жол 2008 жылдың басында пайдалануға берілуге тиіс», — деп айтылған хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті