Жарияланды: 520

Шардара су қоймасындағы күрделі ахуал сақталған жағдайда Қазақстан Көксарай су қоймасын салу құқығын сақтап қалады

Қырғызстан мен Өзбекстан Шардара су қоймасындағы күрделі ахуалды қалпына келтіру жөнінен жүктеп алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда Қазақстан резерв ретінде Көксарай су қоймасын салу құқығын сақтап қалады. Бұл туралы бүгін, 20-ақпанда Алматыда өткен Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Шардара су қоймасында айрықша күрделі ахуал қалыптасып отырғандықтан, мемлекеттер өткен аптада Бішкекте өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша жүктеп алған міндеттемелерін орындауы қажет. "Қалыптасқан күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы -келіссөздер жүргізу болмақ",- деді ҚР СІМ. Қ.Тоқаевтың пікірінше, ұлттық сыртқы істер министрлері "өз үкіметтерінің жұмысын" аталмыш бағытта пәрмендендіруге түрткі болуы тиіс, алайда, "қазіргі жағдаймен мұндай жұмыс нышаны байқалмай отыр".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін