Жарияланды: 400

Шардара су қоймасындағы су көлемі белгіленген норма деңгейіне дейін төмендеді

Шардара су қоймасындағы су көлемі белгіленген норма деңгейіне дейін төмендеп, 4 млрд. 561 млн. текше метрді құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 1-наурызда "Оңтүстік су шаруашылығы" Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнынан хабарлады.

Қазіргі жағдаймен, су қоймасына секундына 825 текше метр, ал Сырдарияға секундына 750 текше метр, Қызықұм каналына секундына 100 текше метр, Арнасай ойпатына секундына 321 текше метр су жіберіліп отыр. Сондай-ақ, бейресми мәліметтерге сәйкес, Өзбекстан Арнасай су қоймасына жіберілетін су көлемін секундына 400 текше метрге дейін азайтуға мүмкіндік беретін жаңа су жіберу құрылымын салып бітірген. Құрылым әзірге іске қосылмаған , оған қажеттілік те туындай қойған жоқ. Бұл құрылым Өзбекстан жағы тұщы су жинау үшін салған көршілес су қоймасын айналып өтіп, Шардара су қоймасынан тікелей су алуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін