Шардара су қоймасындағы жағдай тұрақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара су қоймасындағы жағдай тұрақтанды

Шардара су қоймасындағы жағдай тұрақтанды

Шымкент. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасынан шығарылған су көлемі қысқартылып, енді жоспар бойынша белгіленген су көлемі жиналуда. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңсушаруа" РМК басшысының орынбасары Бахтияр Темірбаев хабарлады.

  • 12 Наурыз 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз жоспар бойынша 5 млрд 200 млн текше метр көлемде су жинау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Содан кейін Сырдария өзеніне су тастауды реттеу мүмкіндігі пайда болады. Өйткені, ол уақытқа дейін мұз көшкіні аяқталуы керек »,- деді «Оңтүстіксушаруашылығы» РМК басшысының орынбасары Бахтияр Темірбаев.

Оның сөздері бойынша су қоймасында белгіленген су көлемі 5-10 сәуірге таман жиналады.

РМК мәліметтері бойынша, бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су көлемі 5 млрд 65 млн текше метрді құрайды, су ағыны секундына 1113 текше метрге жетеді , ал Сырдарияға тасталатын су секундына 550 текше метрді құрайды.

«Қызылқұм арнасына бүгінгі күні секундына 50 текше метр су құйылса, ертеңнен бастап ол 5 текше метрге дейін азайтылады. Арнаға жіберіліп жатқан су секундына 451 текше метрді құраса, жақын күндері ол 300 текше метрге дейін кемітіледі», — деп хабарлады агенттік тілшісіне «Оңтүстіксушаруашылығы» РМК бөлім бастығы Айгүл Омарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті