Шариғат шәлісін жамылғандарға құрметпен қарауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шариғат шәлісін жамылғандарға құрметпен қарауға шақырды

Шариғат шәлісін жамылғандарға құрметпен қарауға шақырды

Халық қалаулылары шариғат шәлісін жамылғандарға құрметпен қарауы тиіс. Түркияның премьер-министрі Ережеп Тайып Ердоған парламент отырысында шариғат шәлісіне заңмен тыйым салынбағанын ел елеулілерінің есіне салып өтті.

  • 1 Қараша 2013
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұрын билік басындағы Әділет және даму партиясы жетекшісінің орынбасары Гүсейн Челик те елдегі саяси партиялардың ешқайсысы Түркия парламентінде шариғат шәлісін жамылып жүргендерді басына жаулық салғаны үшін сөгіп, жазғыруға қақысы жоқ екенін қадап айтқан болатын.

Түркия тұрғындарының көпшілігі ел билігінің шариғат шәлісіне қатысты тыйымның күшін жойған шешімін қуана қабылдады. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 74 пайызы бұл жаңалықты «прогрессивті қадам» деп бағалаған көрінеді. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.