Шарын шатқалында бір топ адам селмен ағып кеткен видео пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шарын шатқалында бір топ адам селмен ағып кеткен видео пайда болды

Шарын шатқалында бір топ адам селмен ағып кеткен видео пайда болды

Шарын шатқалында лай сел жүріп екі адам қаза тапты және тағы алтауы жарақат алып, біреуі хабар-ошарсыз кеткен. Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған.

  • 30 Мамыр 2021
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода сел шатқалдың түбінде қалай тез жүргенін көруге болады. Сонымен қатар, төмендегі балшық ағынының жанында бір топ турист тұр, олардың кейбіреуі уақытында баурайға көтеріле алмай қалған. Видеода сел қарқынымен адамдарды ағызып өткенін көруге болады.

"Қандай өзен ағып жатқанын қараңыз. Бұл өте қауіпті. Адамдар ағып кетті. Ойбай", — деген дауыс естіледі кадр сыртында.

Еске салайық, апат 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның 
төменгі бөлігінде болған
. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Бұл жерде нөсер жаңбыр жауып, шамамен 15 минут бұршақ жауып өткен.

Алматы облысының ТЖД жедел штабы құрылды, 8 (7282)22-02-13, 22-02-18 телефондары бойынша психологиялық қолдау жедел желісі жұмысы ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар