Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов Елбасыға хат жазып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов Елбасыға хат жазып жатыр

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов Елбасыға хат жазып жатыр

Жемқорлық үшін сотталған Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің бұрынғы қызметкерлерін әшкерелеп, президентке хат жазбақшы.

  • 5 Мамыр 2017
  • 577
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы, жемқорлық үшін сотталған Нұрлан Жоламанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазбақшы, деп хабарлады Жоламановтың адвокаты Мұстахим Төлеев. Жұма күні мәжілісте “Прокуратура туралы” заңжобасын ұсыну кезінде Төлеев ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа сілтеме жасап, қоластындағылардың басшылықты “жамандауы” мәселесі үрдіске айналып бара жатқанын атап өтті.

“Олардың қылмыстық схемаға қатысы бар, тіпті белсенді рөл атқарған болуы мүмкін. Бірақ қылмыстық жауапкершіліктен қашу немесе жазаны жеңілдету мақсатында, басшысын жамандап арыз жазады, “мені азығырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды” дейді”, — деді Төлеев.

Бұл жағдайда қол астындағыларға қатысты 55-бапты қолданады немесе қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін мүлдем жауапкершіліктен босатады.  “Ақыры соңында қылмыс құрамы бейтарапталмайды. Меніңше, мұндай адамдардың қулығына ұшырамас үшін бір шара қолдану керек, әділ сотпен келісімге келген кезде, қылмыстық қуғындау басталмай тұрып бәрін ашық айтып беретіндей элементтерді қарастыру қажет. Бізде айыбын мойындап келу деген бар. Міне, соны негізге алу керек”, — деді ол.

Адвокаттың айтуынша, адам мұндай қадамға баруға мәжбүр болған кезде, оны өз еркімен келді деп қарастыруға болмайды. “Тағы бірі — түрмеде отырып серіктестік жасасу. Қазір менің қорғалушым, Шекара қызметінің бұрынғы бас директоры Жоламанов қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің бұрынғы қызметкерлерін әшкерелеу үшін Елбасы атына хат жазып жатыр”, — деп атап өтті адвокат.


Соңғы жаңалықтар