Шекаралас аймақтағы елді-мекен тұрғындары отандық арналарды көре алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекаралас аймақтағы елді-мекен тұрғындары отандық арналарды көре алмай отыр

Шекаралас аймақтағы елді-мекен тұрғындары отандық арналарды көре алмай отыр

Оңтүстік өңірдегі шекаралас аймақта орналасқан бес жүзге жуық елді-мекен тұрғындары өз елінде не болып жатқанынан мүлдем бейхабар. Өйткені онда отандық арналар мүлдем көрсетілмейді. Керісінше, елдегі жаңалықтардан мақұрым қалған халық күні-түні өзбек арналарын көруге мәжбүр.

  • 9 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұдан қалды жер-жердегі қонақүйлердің қожайындары да еркінсіп кетіпті. Егер қонақүйдің иесі басқа мемлекеттің азаматы болса келушілерге тек өз елінің арналарын күні-күні қосып қояды екен. Көкжәшіктен отандық каналды табу мүмкін емес. Бүгін Мәжілістің  әлеуметтік мәдени  даму комитетінде сандық телеведениені енгізу мәселелерін талқылаған депутаттар осы мәселеге қатты шүйлікті. Тіпті Дариға Назарбаева ақпарат вице-министріне қонақүйлердегі бейберекетсіздікті өз көзімен көру үшін сонда бір күн қонуға  кеңес берді.


Дариға Назарбаева, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, депутат:

Қазақстан каналдарын таба алмайсыз. Бір қонақ үйге бір күн түнеп шығыңыз.

Ал жауапты шенділер болса бұл түйткілді жақын арада шешуге уәде етті. Сонымен қатар отандық арналарды көре алмай қиналып отырған ауылдағы ағайынды да жарылқаймыз деп ант-су ішті. Бірақ 2015 жылға қарай. Себебі сандық телевидениемен жүз пайызға қамту осы уақытқа дейін толық аяқталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар