Шекті балл жинамағандар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекті балл жинамағандар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие

Шекті балл жинамағандар жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты. Бүгінгі жиын жаңа жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысына арналды.

  • 2 Маусым 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамағандар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін талаптар күшейтілуде. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті баллды алдыңғы жылы 50-ден 60 баллға көтерсек, биыл 70 баллға көтердік. Талапкерлерден тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе бейнежазбаны сараптау кезінде ереже бұзу фактісі тіркелсе, онда ҰБТ нәтижесі мен білім беру гранты жойылады, — деді ол.

Сондай-ақ, министр түлектердің тестті жақсы тапсыруына түрлі мүмкіндіктер берілгенін жеткізді.

Бұған қоса, басқа да жаңашылдықтар бар. Тест тапсырушыларға қарапайым калькулятор беріледі және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылды. Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға орталық сайтында 70 нұсқалы сынақ тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер осы сынама тесттерін емін-еркін тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз. Сонымен қатар, биылғы түлектер мектепте тапсыратын қорытынды емтихандарынан мамыр айының аяғында босатылды. Осы шаралардың барлығы түлектер үшін үлкен қолдау екенін сөзсіз, — деді Аймағамбетов.


Айта кетейік, министр бұған дейін ҰБТ-ға қатысу үшін биыл Face ID жүйесі алғаш рет қолданылатынын айтқан болатын

Соңғы жаңалықтар