Шенді қызметкердің жалған куәлігін қалтаға салып, удай мас күйінде көлік жүргізген! - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенді қызметкердің жалған куәлігін қалтаға салып,  удай  мас  күйінде көлік жүргізген!

Шенді қызметкердің жалған куәлігін қалтаға салып, удай мас күйінде көлік жүргізген!

Атыраулық жігіт  «полицей болсам, жалғанды жалпағынан басам»  деп ойласа керек. Удай мас күйі көлік жүргізіп келе жатқанында жол сақшыларының құрығына түсті. Қалтасында полиция майоры,  әрі Облыстық жол полициясы басқармасында бөлім бастығы деген жалған құжаты да бар екен.  

  • 6 Қаңтар 2012
  • 410
Фото - Caravan.kz


Жол сақшылары онымен көп сөзге келмей, бірден мастықтан айықтыру орталығына аттандырды. Тергеу кезінде анықталғандай,  ол полиция бөлімшесінің бастығы тұрмақ,  жұмыссыз боп шықты. Сондай-ақ удай мас жүргізушінің қалтасынан қару ұстауға рұқсат беретін тағы бір жалған құжат табылды. Ұсталған азаматқа қатысты,  жалған құжат жасау және мас күйінде рөлге отыру сияқты екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар