Шенеуніктер киіктің қырылуын енді шегірткелерден көріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер киіктің қырылуын енді шегірткелерден көріп отыр

Шенеуніктер киіктің қырылуын енді шегірткелерден көріп отыр

- Ал, нақты не себеп болуы мүмкін? Ары қарай не істейміз деген сұраққа міне екі жарым сағат болды жауап тапқан жоқсыздар.  Осы уақытқа дейін неге қарапайым жұмысты атқара алмайсыздар? Қаншама миллиондаған теңге бөліне?

  • 28 Мамыр 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Ал бүгін сол киік қырылған аумақтарда зерттеу жүргізген мамандар алғашқы қорытындыларын жария етті. Олардың барлығы жұтты «Протонмен» емес, пастереллезбен байланыстырып отыр. Айтуларынша, елімізде шегірткелерге қарсы у себілген соң, ақбөкендер сол шөпті жеп ауруға шалдыққан. Десе де әзірге нақты қорытынды шыққан жоқ. Енді мыңдап қырылған түз жануарларының қайта бұрынғы санына жетуі үшін кемі 10 жыл уақыт қажет екен. Ал, «Антигептил» ұйымының белсенділерін мұндай қорытынды қанағаттандырған жоқ.


Мақсат Ілиясұлы, «Антигептил» қозғалысының белсендісі:

— Ал, нақты не себеп болуы мүмкін? Ары қарай не істейміз деген сұраққа міне екі жарым сағат болды жауап тапқан жоқсыздар.  Осы уақытқа дейін неге қарапайым жұмысты атқара алмайсыздар? Қаншама миллиондаған теңге бөлінеді.