Шенеуніктер мен бизнесмендер тек отандық көлікпен ғана жүруге тиіс - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер мен бизнесмендер тек отандық көлікпен ғана жүруге тиіс - Назарбаев

Шенеуніктер мен бизнесмендер тек отандық көлікпен ғана жүруге тиіс - Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағы да шенеуніктерді отандық көлікке отыруға шақырды, енді олардың қатарына бизнесмендерді де қосып қойды.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 507
Фото - Caravan.kz

"Біздің көліктерді сатып алыңдар, деп бәріңе сәйкесті тапсырма бердім. Бұл тек патриоттық тұрғысынан ғана емес, экономика тұрғысынан да керек. Біздің көліктер жаман емес", деді ол Астанада жұмада ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.

"Бәрің де енді біздің көлікпен жүрулерің керек. Бұрындары (отандық өндіріс болмаған кезде-"ИФ-Қ") сатып алдық. Бұл мемлекеттік қызметшілерге де қатысты. Бизнесмендерге де қатысты", деді елбасы.

Алдында Н.Назарбаев бірнеше рет қазақстандық шенеуніктер республикада құрастырылған емес, импорт көліктерді артық көреді, деп реніш білдірген болатын.