Шербаевтың Хан Кене туралы айтқаны идеологиялық диверсия – М.Қойгелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шербаевтың Хан Кене туралы айтқаны идеологиялық диверсия – М.Қойгелді

Шербаевтың Хан Кене туралы айтқаны идеологиялық диверсия – М.Қойгелді

 

  • 17 Тамыз 2016
  • 1662
Фото - Caravan.kz

Белгілі археолог Руслан Шербаевтың Кенесары ханның басы ешқашан алынбаған және ол Ресейде Кунсткамерада сақталмаған, деген сөзі бос сөз дейді тарихшылар Caravan.kz медиа-порталына берген сұхбатта.

Мәселен, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары Нұрлан Атығаев қазақтың ұлы ханы Кенесарының бас сүйегі еліміздегі кейбір адамдар үшін арзан пиарға айналғаны өкінішті деп жазады. Оған біздің археолог әріптесіміздің айтқан қате пікірлері дәлел, депті әлеуметтік желіде.

Хан Кененнің бас сүйегіне қатысты ең дұрыс мәлімет бере алатын адам ол сол институттың қызметкері Рашид Ешенұлы Оразов деп жөн сілтеді.

Ал белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді Руслан Шербаевтың елді дүрліктірген әлгі сөздерін идеологиялық диверсия деп атады. Бұл қазақты айтыстырып қою үшін қасақана жасалған тапсырыс болуы мүмкін.

«Шербаев қайдан біледі екен, нақты тарихи тұжырымдары бар ма? Олай айту үшін нақты айғағы болу керек. Болмай ма, бос сөз. Қайдағы бір археолог айтты екен деп сөзіне көңіл бөлудің керегі жоқ»,- деп күйінеді тарихшы.

Бірқатар мамандар Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Руслан Шербаев айтқандай, қайдағы бір аңызға сеніп, Ресей премьер-министрінен ханның сүйегін сұрап жүр дегенге сену күлкілі дейді.

«Премьер-министрдің көтергені дұрыс мәселе. Бірақ оны жоғалтып жібергені анық. Өйткені ондай экспонаттың сақталуы Ресей үшін тиімді емес»,- деп пайымдайды белгілі тарихшы.

Оның айтуынша, Кенесарының басын алып алып, Қырғыздардың орыстарға сыйға тартқаны тарихи факт. Оны айғақтайтын қырғыздарда жазған құжат бар көрінеді. Тіпті Кенесарының басын алып барған адамдардың аты-жөндері де белгілі. Сол үшін алтын-күмістен медаль алған. Сыйлыққа ие болған. Бұл он ғасыр бұрын болған оқиға емес. Кеше ғана болған дүние. Халық оны әлі ұмыта қойған жоқ, дейді тарихшы.


«90 жылдары Түркістандағы тайқазанды қайтарып ала алдық. Ал мына шешендер Шәмілдің әйгілі жауынгер қолбасшысы Қажымұраттың басын сұрады. Оны елдің бәрі біледі Кунсткамерада тұрғанын. Бірақ Ресей қайтармады.Сол сияқты Кенесары ханның да бас сүйегі болды. Оны Ресей қайтарады дейсіз бе? Жоқ. Өйткені, қайтарды деген сөз, өзінің қазаққа жасаған қиянатын, зорлығын мойындау деген сөз. Олар өздерінің кезіндегі сұрқия саясатын әшкерелеуге бармайды»,- дейді белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді.

Шербаев деген археологты білмеймін де, естіген емеспін деген тарихшы, Кенесары ханның басы алынған Ресей мойндау керек, дейді. Бұған қоса батыс көршіміз Кенесары ханның басын алғаны үшін, Алаш зиялыларын атқаны үшін, репресия жасағаны үшін қазақ жұртынан кешірім сұрауы керек.

 

Соңғы жаңалықтар