"Шешендерше кек алатын біреу жоқ": Ринат Заитовтың Борат пен көк туға қатысты жыры қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шешендерше кек алатын біреу жоқ": Ринат Заитовтың Борат пен көк туға қатысты жыры қызу талқыға түсті

"Шешендерше кек алатын біреу жоқ": Ринат Заитовтың Борат пен көк туға қатысты жыры қызу талқыға түсті

Борат-2 фильмі мен қазақтың көк туының тапталғанына ашынған ақын Ринат Заитов намысты қайрап, жігерді жанитын өлең жолдарын арнаған болатын. 

  • 5 Қараша 2020
  • 169
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі өнер иесінің аталған видосына мыңдаған адам пікір жазып қалдырған және қызу талқыға салған. Тіпті көрші Қытай мен Монғолия қазақтары да ризашылықтарын блдіріп, ой айтқан. Ал өлеңнің қысқаша нұсқасы мынадай:

Ыза ғана ішімізде қайнаған,
Шара таппай шуылдайды айналам.
Шешендерше кек алатын біреу жоқ,
Шешен сөйлеп салғанымен байбалам
Намысымыз қайда кеткен от құйын,
Байрақ қорғау қиын емес шығар көп қиын.
Қара жерге көк туымыз тапталса,
Қазақ сенің онда құның көк тиын.
 
Әй дер ажа, қожасы жоқ қой дейтін
Патша қайда жаудың көзін жой дейтін,


Шенеуніктер неғып отыр үндемей,
Біз қазақты қорғаймыз деп сөйлейтін.
Қазақ туын таттағандар бүгіннен
Өлім ғана болу керек жазасы
Сүйегіңе таңа болар бұл мазақ
Бос көпіріп көрінбекші кім ғажап
Мойныма көтеремін Бораттың
Мұрнын бұзар табылса егер бір қазақ!
 

 

Соңғы жаңалықтар