Шешенстан парламенті оқушы қыздардың мектепке хиджаб киіп келуіне рұқсат етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шешенстан парламенті оқушы қыздардың мектепке хиджаб киіп келуіне рұқсат етті

Шешенстан парламенті оқушы қыздардың мектепке хиджаб киіп келуіне рұқсат етті

Енді Шешенстандағы оқушылар білім ордасына діни мәндегі киім мен ұлттық өрнектері бар киімдерді киіп келе алады.

  • 31 Наурыз 2017
  • 520
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

“Шешен Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік саясаты ұлттық дәстүрге және білім алушылардың діни сенімдеріне кедергі келтірмеуі тиіс”, – деді парламенттегі білім комитетінің басшысы Бекхан Хазбулатов.

Міндетті форма енгізілген білім мекемелері білім алушының ұлттық негіздегі өрнегі бар немесе діни сеніміне байланысты киіп келген киіміне түсіністікпен қарап, олардың құқығымен санасу керек. Әрине, бұл жерде жағдай федералды заңға қарсы келмеуі тиіс және азаматтардың денсаулығына кері әсер етпегені жөн.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бері Грозныйдағы барлық мектептер бірдей формаға көшкен. Негізінен, оқушы қыздар бастарына қызыл түсті орамал тартулары тиіс.

Хиджаб туралы пікірталас Мордовия басшылығының Белозерь ауылындағы мектеп оқушылары мен ұстаздарының мұсылмандық белгілері бар киімдерді киюіне тыйым салған соң басталды. Олар 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында осындай тазалық шарасын өткізу керек деп шешіпті. Білім министрі Ольга Васильева Конституциялық соттың мектепке хиджаб киіп келуге қарсы үкім еткенін мәлімдеді.

Бұған жауап қатқан Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей Конституциясының кез-келген азаматтың ар-ожданы мен сеніміне кепілдік беретінін еске салыпты. Кейінірек ол қоғамдық орындарда діни мәндегі киімдер киюге тыйым салу қоғам үшін өрескел әрекет деп бағалады.


Бұдан кейін Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңес мектеп оқушыларының діни киім киюін заңмен реттеуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар