Жарияланды: 3600

Шет елге барғанымыз дұрыс еді: Ақтауға демалуға барған Айгүл Орынбек ішкі туризмді сынап тастады

Шет елге барғанымыз дұрыс еді: Ақтауға демалуға барған Айгүл Орынбек ішкі туризмді сынап тастады

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Ақтау қаласына ата-анасын демалдыруға апарып, шаршатып алғанын айтты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Елдегі туризм мына түрімізбен ешқашан дамымайды!

Ұшақтан түсе аэрапорттағы әжетхананы көрген туристер біздің елге келгендеріне өкінетін шығар ия?

Қонақ үйге баратын жол бөлек әңгіме. Әлемдік деңгейдегі “Rixos “ қонақ үйі салынатын бұндағы билік білген жоқ емес, білді. Аэропорттан қонақ үйге келер жолды биыл емес, осы қонақ үйдің кірпіші қаланғаннан бастап төсеп қою керек еді.

Қаланың ішіне кіріп қонақ үйге қалай баратыныңды білмей айналып жүргенің сол,бағыт бағдар көрсететін бағаналар жоқ!

Rixos қа келе жатыпта қанша км ден кейін болады екен деп жан жаққа жалтаңдап , қашан, қай жақтан қонақ үй шығып қалады екен деп жалтақтап келдім.

Еуропадан демей ақ қояйын, көрші тұрған елдерден өз аяғымен келген қонақтар қонақ үйді қалай табады?

Турист шақыру үшін, қала туристтерді күтуге дайын болу керек!

Еліміздің туризімі дамысын деп келіп, қонақ үйге емес, балалар лагеріне түсіп кеткенімді өзім түсінбей жүрмін!

Жалпы Rixos қонақ үйіне келуге ниет етіп отырғандар болса, келмей ақ қойыңыздар!

Жасап жатқан жарнамасына да, бағасына да сай емес!

Қонақтардан гөрі, балалар лагеріне келгендер көп!

Ата-анамды демалдырамын деп алып келіп балалардың шуынан шаршатып алдым ау.

Одан да шет елге барғанымыз дұрыс еді", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін