Шетелде білім алатын мемлекеттік қызметкерлердің сауатын Елбасы қатал сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде білім алатын мемлекеттік қызметкерлердің сауатын Елбасы қатал сынға алды

Шетелде білім алатын мемлекеттік қызметкерлердің сауатын Елбасы қатал сынға алды

Мемлекеттік қызметкерлердің сауатын көтеруге бюджеттен бөлінген млн.-даған қаржы өзін ақтаған жоқ! Себебі  шетелге кәсіби біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберіліп жатқан шенеуніктер танымен кеңейтудің орнына, демалысқа барғандай шалқиып жүреді. Осындай бей-берекетсіздікті бүгін Елбасы қатал сынға алып, жауапсыздық себебін де түсіндіріп берді.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Құр әншейін барады да қайтып келеді. Ақша бекерге кетіп жатыр. Баруға бейімделген дайын адамдарды жіберудің орнына кім болса сол барады. Тілді білмейді, тілді білмеген соң олардың айтқан сөздерін игермейді. Сонан кейін қайтып келеді. Сол үшін біз бюджеттен 170 млн. ақша шығардық, аналар айтып отыр ағылшын тілін білмейтін адамдарды жіберіп жатырсыңдар деп.

Ақордаға атқарған қызметі жайында есеп беруге келіп, Елбасыдан сөз естіген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов олқылықты жоюға уәде етті. Нұрсұлтан Назарбаев шенеуніктердің шетелде  біліктілігін көтергенін қолдайтынын ашық айтты. Алайда, жолдаманы тек лайықтылар иеленуі керек деді.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Тексеруде әділеттілік жоқ деген сөз. Білсе де білмесе де әркім өзінің адамдарын жіберіп отыр. Мен саған тапсырма берем. Министрге де айтамыз. Қара. Кезінде Болашақ бойынша көрдік қой. Бастықтар өз балаларын жіберіп алып қаңғып жүргенін. Мен олардың талайын жұмыстан босатқам. Сол қайтадан келіп отыр.