Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті

Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті

Астана. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Наурыз 2008
  • 609
Фото - Caravan.kz

Отырыста биылғы жылы «Болашақ» стипендиаттарына жолдама ұсынылатын аса сұранысқа ие мамандықтар тізбесі қаралып, бекітілді.

Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев атап өткендей, «бүгінгі қарастырылып отырған мамандықтар тізбесі біздің экономиканың серпінді даму басымдықтарын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды бүгін ғана емес, сондай-ақ болашақта да барынша айқындай түсуге тиіс. Министрліктердің, ведомствалар мен ұлттық компаниялардың өтініші негізінде біз қажетті мамандар даярлау жөнінде орнықты жоғары рейтингке ие мамандықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарына басымдық беруіміз керек. Біз бүгіннің өзінде мамандықтар мен стипендиаттарды іріктеу кезінде «Болашақ» түлектерінің Қазақстанға елімізде ғана емес, сондай-ақ күллі әлемде бәсекеге қабілетті, кәсіби маман болып қайтуы үшін берік негіз қалауымыз қажет. Президент біздің алдымызға нақ осындай міндеттер қойып отыр».

Комиссияның қарауына ақпараттық технологиялар мен жүйелер, биотехнологиялар, медициналық мамандықтар, телекоммуникациялар, машина жасау, инжиниринг сияқты мамандықтар бойынша 114 үміткердің жеке істері енгізілді.

«Шәкіртақы иелері білім алуға ниет білдірген елдердің арасында бірінші орында АҚШ — 38 адам, бұдан кейін Ұлыбритания — 36 адам, Франция — 9 адам, Ресей, Канада, Сингапур елдерінің әрқайсысына 8 адамнан ниет білдірді», — делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті