Шетелде сотталған отандастарымыз елге қайтарылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде сотталған отандастарымыз елге қайтарылмақ

Шетелде сотталған отандастарымыз елге қайтарылмақ

Шетелде сотталған отандастарымыз елге қайтарылмақ. Олардың көбі кезінде адам өлтіріп, қарақшылық, ұрлық жасап, контрабандамен айналысқандар. Ал экстрадициялауға кететін шығын қазынадан өтеледі.

  • 8 Қараша 2013
  • 255
Фото - Caravan.kz

Қазір әлем түрмелерінде алты жүзден астам Қазақстан азаматы жазаларын өтеп жатыр. Оның басым бөлігі Ресейде. Түркия, Чехия, Қытайда да қылмыс жасап шатылғандар көп. Бұл елдердің барлығымен ресми Астана жерлестерімізді экстрадциялау туралы келісімге келген. Тек Қытаймен мәмілеге келу қиынға соғып тұр. Бір ғана осы елдің түрмелерінде қазір 15 отандасымыз отырса, соның 12 өмір бақи бас бостандығынан айырылған. Ал   отандастарымыз шетелден оралған жағдайда жазасын Қазақстан түрмелерінде жалғастыра бермек. Бірақ оларды экстрадциялау үшін қаржы бюджеттен яғни салық төлеушілердің есебінен төленеді.


Жақып Асанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

— Сотталғандардың өз елінде, өз тілінде туған-туыстарымен байланыста болуы оның тезірек түзеліп кетуіне ықпал етеді. Шартқа сәйкес сотталғанда өз еліне қайтару үшін бірнеше жағдай қажет. Ең алдымен сотталып жатқан адам сол мемлекеттің азаматы болуы керек. Екіншіден оның өзінің келісімі керек.