"Шетелден әжетхана мәдениеті келу керек" - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шетелден әжетхана мәдениеті келу керек" - Ләйлә Сұлтанқызы

"Шетелден әжетхана мәдениеті келу керек" - Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің instagram-дағы парақшасында шетелден әжетхана мен такси мәдениетінің келу керек екенін жазды.

  • 4 Ақпан 2019
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бізге біраз өнімнің шетелден келетінін Елбасы жақсы айтты. Шанель-манель деп.
Шетелский деген статус та қалыптасты. Енді шетелден бәрі келгенде неге такси мен туалет мәдениеті келмейді екен деймін.
Біздің елде таксиге отырсаң, негізгі жету деген мақсаттан бөлек көп жағдайда қосымша функциялар бонуспен жүретінін байқадым.
1. Міндетті түрде сөйлеседі.
2. Билікті жамандайды. 
3. Жолдан өтіп бара жатқан адамды не машинаны боқтайды.
4. Темекі шегеді.
5. Ақыл айтады.
Екінші мәдениет бізде енді ақсап тұр. Басқа қозғайтын тақырып жоқ па дер көбі. Егер бұл сіз ойлағандай салмақты мәселе болмаса, Дүниежүзілік туалет ұйымы (Всемирная туалетная организация) құрылар ма еді, Оңтүстік Кореяда Дом-туалет-музей ашылар ма еді, Марғұлан Сейсембайдың коричневый унитаз деген бастамасы болар ма еді. Бірақ бұл кезде Марғұлан Сейсембай бұл ісінен бас тартты.

Бұл мәдениет түрі Жапонияда мықты дамыған, тіпті туалет революциясын жүргізу үшін көмектесуге әзірміз дейді.

Біз салыстырмалы түрде жақсымыз.


Мысалы, Ақтаудағы Астана ОСО-да туалет ақылы (әзірге осы жерден ғана көрдім. Егер сіздің қалаңызда да ақылы болса, жаза кетіңіз). Алайда оған кірсең, ауа жұту мүмкін емес. Ақылы болса да жағдай жасалмаған. Ауыл аралық, қала аралық сырттағы туалеттер тас ғасырынан қап кеткендей.. Ал Мәскеудің Гум-ындағы туалетке ақша төлегеніңе өкінбейсің. "Қызметіңді де" сай орындауға үн тастап тұрады)

Мұсылман елдерінде құманымен жарқыратып қояды. Жапония, Корея сияқты елдердің унитазы ақылды. Жуып, кептіріп, сүртіп береді. Аналар үшін кішкентай баласын отырғызып қояр қауіпсіз орындыққа дейін ойластырған.
Бізде кейбір адамдар туалетке түрлі қол… жоқ дұрысы к… таңбаларын қалдырып кетеді. Айналасына өз туындысынан "дәм таттырады", "сурет салып" кетеді. Унитаздары тойдым дегендей қисалаңдап құлап кетердей тұрады," — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Соңғы жаңалықтар