Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанға визасыз режим енгізілген елдер тізімін кеңейтуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанға визасыз режим енгізілген елдер тізімін кеңейтуді ұсынды

Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанға визасыз режим енгізілген елдер тізімін кеңейтуді ұсынды

«Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ульф Вокурка үкіметке визасыз режим енгізілген елдер тізімін кеңейтуді ұсынды.

  • 4 Маусым 2015
  • 558
Фото - Caravan.kz


«Біріншіден, визасыз режим енгізілген мемлекеттер тізімін кеңейтуді, қолданыстағы визасыз режим мерзімін ұзартуды ұсынамыз», — деді У.Вокурка бейсенбі күні Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында.
«Екіншіден, салық пен айыппұлдар ерікті түрде төленген жағдайда салықтық заң бұзушылықтарды қылмыс деп санамау жөнінде ұсыныс жасаймыз», — деді У.Вокурка.
Сонымен қатар, ол «басым бағыттар бойынша технологияларды қабылдауға білімі мен білігі жететін білікті мамандар даярлануын қамтамасыз ету шараларын қарастыруды» ұсынды.
У.Вокурка шетелдік инвесторлардың Қазақстан үкіметімен заң шығару қызметінде де тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде елбасы Н.Назарбаев оған «нақты және маңызды ұсыныстары» үшін алғыс білдірді.