Шетелдік сарапшылар Қазақстанның әскери нысандарына инспекция жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның әскери нысандарына инспекция жасайды

Шетелдік сарапшылар Қазақстанның әскери нысандарына инспекция жасайды

Астанаға Астанаға ЕҚЫҰ және АӨСШК-ге мүше әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен әскери сарапшылар мен өкілдер келді.

  • 16 Қыркүйек 2013
  • 324
Фото - Caravan.kz

Олар бүгіннен бастап 19 қыркүйек аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі аясында және 2011 жылғы Вена құжатының сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарына инспекция жасайды.

Осыған орай ұйымдастырылған жиында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бағдат Майкеев Қазақстан Республикасының бастамасымен бұл іс-шараға Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің өкілдері алғаш рет шақырылғанын айта келе: «Қазақстан Вена құжаты аясындағы халықаралық міндеттемелерін уақтылы әрі толық орындауға барынша маңыз береді, Біз ЕҚЫҰ механизмдерінің дамып, жаңарып және қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқаруын жалғастыра беруіне мүдделіміз, — деді.



Шетелдік әскери байқаушылар ҚР Қарулы Күштерінің әскери нысандарын аралау барысында әскери бөлімдердің күнделікті қызметін көріп, инфрақұрылымы мен оқу-материалдық базасымен толық танысуға мүмкіндік алады.