Шілде айында ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілде айында ауа райы қандай болады?

Шілде айында ауа райы қандай болады?

 

  • 2 Шiлде 2019
  • 75
Фото - Caravan.kz


Синоптиктер 2019 жылғы шілде айына арналған консультативтік болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанады: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады. "Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі болжанады. Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды", — дейді мамандар. Ал екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан+20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін ауытқитыны айтылады.
 

Соңғы жаңалықтар