Шілде айында қазақстандық импорт 13,5 қымбаттап, экспорт 3,5 пайыз арзандаған - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілде айында қазақстандық импорт 13,5 қымбаттап, экспорт 3,5 пайыз арзандаған

Шілде айында қазақстандық импорт 13,5 қымбаттап, экспорт 3,5 пайыз арзандаған

Биылғы жылдың шілде айында Қазақстанда импортталған өнім бағасы 2013 жылмен салыстырғанда

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 707
Фото - Caravan.kz

13,5% қымбаттап, экспортқа шығарылатын тауарлардың құны 3,5% арзандаған.

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, импортқа алынған шикізат 1% қымбаттаса, экспортталатын шикізат құны 6,6% төмендепті. Сырттан әкелінген жартылай фабрикаттар бағасы 3,7%, экспортталған жартылай фабрикаттар 3% қымбаттаған. Аталған уақыт аралығында импортталған дайын өнімдер 16,9%, экспортталған өнімдердің бағасы 17,3% өсті.

Шілде айында экспортқа шығарылатын қара және түсті металл рудасының бағасы 7,7%, мыс — 2,3%, сұйытылған пропан газы — 1,9% арзандаған. Қорғасын бағасы 10,9%, табиғи газ — 7%, алюминий — 4,4%, ферроқорытпалар — 4,3%, көмір – 3,5%, мырыш — 2,6%, газ конденсат — 2,3%, мұнай – 0,2% қымбаттады.

Ал, бидай бағасы 9,8%, мақта – 3,5% төмендесе, жүн 11,7%, арпа бағасы 2,3% көтерілді.


Сырттан келетін өсімдік майы 8,6%, көкөніс – 6,6%, сүт өнімдері – 1,3%, шай — 0,7%, балық — 0,4% арзандаса, күріш – 9,9%, шұжық өнімдері – 3,7%, кофе – 2,2%, құс еті — 2,1%, қант – 0,8% қымбаттады.