Жарияланды: 550

Шілденің аяғына қарай Арыстықтарға арнап тегін тренинг өткіземін - Айнұр Тұрсынбаева

Шілденің аяғына қарай Арыстықтарға арнап тегін тренинг өткіземін - Айнұр Тұрсынбаева

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазіргі таңда психологиялық тренинг өткізуді қолға алған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Біресе биліктен, біресе туыстан, біресе банктен, біресе тамыр таныстан көмек сұрай бергенше өзіңіз жұртқа көмектесе алатын деңгейге жетіңіз.. Мен жасаған жақсылығымды Алланың разылығы үшін жасаймын, және жылтыңдатып жариялағанды жек көремін.. Садақаның қасиеті де сонда, мақтаныш үшін жасалынбауы тиіс..! Арыстағы ағайын үшін аянып жатқан жоқпыз.. Бұйырса елдегі аласапыран басылған соң шілденің аяғына қарай Арыстықтарға арнап тегін тренинг өткіземін деп отырмын..
Ал Алматы Аренада өтетін мега тренингке санаулы сағаттар қалды.. Толқу үстіндемін.. Күні-түні ютубқа кіріп, кітап оқып алапат ақпараттар жинап жатырмын.. Тағдырыңыз өз қолыңызда..' Алла тағала РАҒЫД сүресінде "Сен ойыңды өзгертсең, мен өміріңді өзгертемін" деді.. Кедейлік пешенеңе жазылған, қолыңнан түк келмейді деп жата бер деген жоқ! Ойыңды өзгертсең болды деді! Жақсы сөйлесең болды деді! Ниетің дұрыс болса болды деді! Амалдан да ниет күшті деді.. Бақуатты байдың сізден артық ештеңесі жоқ..! Қалталы кәсіпкер аспаннан түскен жоқ.. Сіз сияқты ойланып жүрді де тәуекел етіп бастап кетті.. Жұрттың бәрі қарыздың қиындығын көрген.. Жұрттың бәрі сүрініп барып тұрып жатыр.. Жатып қалған жоқ сіз сияқты.. Олай болса оқыңыз, іздееіңіз! Адам бір күнде аспаз немесе тігінші болып кетпейді.. Оқиды, үйренеді.. Біз сіздерге қалай бақытты және бай болуған болатынын айтамыз.. Үнемі оқып жүретін адамның жетістікке жетпеуі мүмкін емес.!!! Бұл үлкен мектеп.. Мықтылардың мықтылары өткен мектеп..! Ата-анаңызды, бала-шағаңызды, қиналып жүрген туысыңызды, танысыңызды алып келіңіз.. Көмектесіңіз!", деп жазды. 

Айтыскер ақынның оқырмандары әр қалаға шақыруда. Алматы қаласында өткен тренингке барған халық тек алғыстарын жаудыруда. Тренингке барған халық арасында әншілер де болған. Серік Ибрагимов те жарымен барғандағы ісерін желдегі парақшасында бөлісті. Ибрагимовтың айтуынша, билет құны 500 теңге. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін