Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды - ШҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды - ШҚО

Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды - ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында Шоқыну мейрамында 5 мыңнан астам адам суға шомылды.

  • 19 Қаңтар 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шоқыну түнінде суға шомылғандардың дені – өскемендіктер (2 мыңнан астам адам).

Ал Семейде – 507, Риддерде – 338 адам, Алтай ауданында – 476 адам шомылған.

«Карантин мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталды. Құтқарушылар, полицейлер жәге Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерлерде бақылау жүргізді. Ешқандай жазатайым оқиға тіркелген жоқ», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскелерге 150-ден астам құтқарушы, 45 медицина қызметкері, 113 полицей мен 73 техника жұмылдырылған.