"Шораев ұлтшыл болса, онда мен Зеленскиймін" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шораев ұлтшыл болса, онда мен Зеленскиймін" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Шораев ұлтшыл болса, онда мен Зеленскиймін" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы белгілі саясаткер Арман Шораев туралы ойын айтты.

  • 5 Қазан 2022
  • 1377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жаңа Фбдан «Шораев елден кетуі мүмкін! Жаңа Қазақстан ұлтшыл қазаққа қысым көрсетуде…» деген ақпаратты оқып қалдым.

Шораев ұлтшыл болса, онда мен Зеленскиймін…))

Шораев ұлтшыл болса, онда «ұлтшыл» деген сөзден де, «нұр» сөзі сияқты, қадір кетіпті…

Ол қалай «ұлтшыл» болады? Күні кешеге дейін орысша ойлап, орысша сөйлегенді артық санап келді. Интернеттегі әңгімелері, басылымдардағы сұхбаттары, жазған дүниелері де, жасаған репортаждары да түгел көрші елдің тілінде. Соңғы уақыттарда ғана шығар, қазақтың көңілінен шығу үшін (ұпай жинау үшін) қазақша сөйлеп жүргені. Акцентін айтпай-ақ қояйық…

Екі жыл бұрын мені сотқа бергенде бұл кісі менің үстімнен арызды орысша жазып, біз істің қазақ тілінде жүргізілуін талап еткенімізде, адвокаты «Шораев қарсы» деп, келіспей қойған. Сот процесі көрші елдің тілінде жүрген… Ол «іс» туралы бөлек жазармын…

Менің түсінбейтінім, ол қалайша аяқ астынан, соңғы екі-үш жылда «ұлтшыл» боп шыға келді? «Шораев ұлтшыл» дегенге сіздер сенсеңіздер де, мен сенбеймін. Неге десеңіздер:

1. Жоғарыда айтқанымдай, орыстілді. Орыстілділердің арасында да «ұлтшылдар» бар дерсіздер. Бар болса, бар шығар. Бірақ, жаны орыстанып кеткен қазақтардың менталитеті, өзінен «статусы төмен» («последние люди») қарапайым қазақты менсінбейтін, көзіне ілгісі келмейтін тәкәппарлығы, ыңғайы келсе, әлсіздің басына қамшы үйіргісі кеп тұратын үстемдік (шонжарлық) болмысы бәрібір көзге ұрып тұрады.

2. Өмір бойы үлкеееен астаудан ет жеп үйренген Арман неге аяқастынан «ұлтшыл аппази» боп шыға келді? Біз танып-білгелі ол үлкеееен семьяның – дарикоштың, нәннің, шпекбаевтың оң қолы, ақпарат саласындағы шонжар шабарманы болды.

— Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы;

— «Хабар» Агенттігі» директоры;

— Н.Ә.Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі;

— «Хабар» Агенттігі» АҚ бас директорының орынбасары;

— ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы;

— «КТК» АҚ бас директоры;

— Қазақстан журналистері конгресі атқару комитетінің мүшесі;

— Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі т.б.

— Комсомолдан кейін Дарикоштың "Асар" партиясының белсенді мүшесі болды да, "Асар" "НұрОтанмен" бірігіп, бұл кісі өмір бойы "НұрОтанның" адал мүшесі болды. Бутя сияқты бір партиядан бір партияға секірмеген адалдығы үшін құрметтеуге болады…))


Айтпақшы, 2019 жылы Тоқаев құрған НСОДқа да бір жылға жуық мүше болды. Нән семьямен, шпектермен достығы кедергі болды ма, екі «фронтта» жүргізбеді ме – әйтеуір НСОДтан шығып кетті…

«Қазақ күресі» ұлттық федерациясының президенті ретінде қазақ күресін жақсы шоуға айналдырып, ТВ арналарда небір «бойлар» көрсетті…

Айтпақшы, естеріңізде болса, мені сотқа беруі – Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің «Қазақ күресі» Халықаралық федерациясын бізден тартып алды» деген мәліметтеріне қатысты болған еді…

Мен үшін Шораев, бар болғаны, нән кланның мықты ойыншысы. Әлі күнге дейін сөзін нәннің «Алға, Қазақстан!» ұранымен аяқтайды…)))

Қателеспесем, 2020 жылы «ойбай, Шораевты Қарағандыда тұтқындады, қамады» деген ақпарат әлемжеліде желдей есті де, соңынан жым-жырт болды. Тез қаулады, тез басылды…

Өзіміз тұтқындалмасақ та, күдікті болмасақ та, куә болғанымыз үшін талай «таяқтарды» жеп, жұмыстан кетіп, әлі күнге дейін тасборанның астында келе жатырмыз… Мұндайлар тез «күдікті» бола салады, тез «тұтқындала» салады, тез құтыла салады…)) шетелге де тез кете салады…))

«Шораев елден кетуі мүмкін!..» деген дақпырттың да ар жағында не жатқаны бір Аллаға аян…

Ұмытып барады екенмін, — мені сотқа бергенде «бұдан былай еш жерде менің атымды айтушы болмасын, ешқашан еш жерге менің атымды жазбасын» деген талабы бар еді. Сот ол талабын қанағаттандырмаған… Ареке, мені тағы да бес-алты айлап сотқа сүйремейтін шығарсыз, «менің атымды жазды» деп…))

«Арман, Арман, Арман, Арман-ай» деп әндетіп отырғанда ойға келген монолог қой… Сізге сенбеуге 1000% құқым бар деп ойлаймын…

нәнмен, дарикошпен, шпекпен түскен суреттеріңізді неғып жойып тастағансыз? Небір күшті-күшті суперский суреттеріңіз өте көп еді ғой…)

Мына суретіңіз де жаман емес, үлкееен астаудан ас жеп үйренген адамға — дәу, тола астауда тартылған бас лайық. Әдемі, символикалық мағынасы терең сурет екен", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Соңғы жаңалықтар